Қызылордада мұғалім әріптесін өлтірді деген күдікке ілінді

Сурет: ҚР ІІМ
Қызылордада мұғалім өз әріптесін өлтірді деген күдікпен ұсталды. Қайғылы оқиға қалаға қарасты Қызылжарма елдімекенінде болған.

Екінші маусымға қараған түні екі азамат ерегісіп, арты төбелеске ұласқан.

Жанжал кезінде біреуі екіншісінің мойын тұсына пышақ сұғып алған, деп жазады qazaqstan.tv.

Мертіккен 35 жастағы қала тұрғыны жедел-жәрдем келгенше қайтыс болды.

Белгілісі екеуі де дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды