Абай музейінде білім-ғылым саласында музей мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелері талқыланды

Сурет: wikimedia
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сай, Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында "Абай мұрасы және заманауи музей: таным, білім-ғылым және тәрбие тоғысы" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараға Мәдениет және ақпарат министрінің кеңесшілері Шерхан Талап және Ербол Алшынбай қатысып, министр Аида Балаеваның құттықтау хатын табыстады.

"Бүгінде Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен абайтану ғылымы мен музей ісін өркендетуде ауқымды шаралар қолға алынуда. Абай мұрасын насихаттау – музей қызметкерлерінің басты міндеті", – деді "Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы" директоры Ұлан Сағадиев.

Қатысушылар ұрпақ тәрбиесінде Абай шығармаларын оқытуда мемлекет тарапынан ерекше назар аударылып отырғанын тілге тиек етті.

Жиын соңында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің "Хәкім Абай" орталығының директоры Жабал Шойынбеттің "Абай қарасөздерінің ерекшеліктері" кітабының тұсаукесері мен Абай шаңырақтарының арасындағы ынтымақтастықты арттыруға бағытталған меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстандағы жұмыспен қамтылған және жұмыссыз адамдар саны жарияланды