Алматы полициясы бірнеше пәтерді тонаған күдіктілерді ұстады

Сурет: ҚР ІІМ
Криминалдық полицияның мәліметінше, Түркістан және Қызылорда облыстарынан келген екі адам бірнеше пәтер тонауға қатысқан.

Жедел уәкілдердің айтуынша, тергеудің осы кезеңінде олардың кем дегенде төрт пәтер тонауына қатысы бар екендігі белгілі болды.

"Арнайы іс-шараны криминалдық полиция қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізді. Күдіктілер "Құлагер" шағын ауданындағы үйлердің біріндегі пәтерден шыға берісте ұсталды. Олар бөтен адамның жиған-тергені мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Екі күдікті де қамауға алынды. Олардың жеке басы басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексеріліп жатыр", – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының орынбасары Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес, өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай, кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Ақтауда шетелге заңсыз ақша шығарған компанияға 153 млн теңге айыппұл салынды

"Тұман түсіп, күн суытады". Дүйсенбіде еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

КХДР үш сағат ішінде екі баллистикалық зымыран ұшырды

Үкімет қатты пайдалы қазбаларға роялти енгізуге байланысты мәлімдеме жасады