Халық қалаулылары жергілікті өнімді сыртқа шикізат қып шығаруды азайту керектігін айтты.
Дегенмен депуттаттарды өнеркәсіптің дамуы бойынша облыста оң динамика қалып тастып отырғаны қуантты, деп жазады qazaqstan.tv.
Бүгінде Жамбылда жалпы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 259 млрд. теңгені құраған.
Ал өңдеу өнеркәсібі саласында 588 кәсіпорын жұмыс істейді. Аймақта 2026 жылға дейін инвестициялық портфелі 2,5 трлн теңге болатын 70 жоба іске аспақ.
Бұл қосымша 6 мың жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
"Мұнай болсын, осы заттардың бәрі шетелге шикізат түрінде кетіп жатыр. Ал жергілікті жерде оны өнім түрінде шығару, сату, оның құнын өсіруде көбіне жұмыстар жасалып жатқан жоқ. 10-15%-ға жетпейтін ғана біздің жергілікті өнім. Сондықтан осы мәселе шешілетін болса, ол біріншіден, адамдарға жұмыс орны болады. Екіншіден, бюджеттің салығы түседі. Үшіншіден, ең қымбат мәселе – нанотехнологияларды енгізу." Әлібек Нәутиев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты