Саудагерлердің КТК телеарнасына айтулары бойынша, базардың жаңа қожайыны осы арқылы мәжбүрлі түрде жалға алу келісім шартына қол қойдыртпақшы. Ал кәсіпкерлер өзін жалға алушы емес, дүңгіршекердің толық иесі екенін айтады. Келісімге қол қойсақ, далада қаламыз ба деп алаңдайды.
"Менде клубтың картасы бар. Бізге оны 2015 жылы құрылыс аяқталған соң берген. Клуб картасында бутиктің иесі екендігім айдан-анық жазылған. Бұл бутикті тартып алып, мүлдем басқа адамға қайта сатып жібере ме деп қорқамын. Бұл табыстың жалғыз көзі болып тұр. Менде ипотека бар. Балаларым мен немерелерімді асырау үшін бутикті де несиеге алдым". Маргарита Зубкова
Күн көру үшін барын сатып несие алған саудагерлер қарыздарының онсыз да шаш етектен екенін айтады. "Жаңа басшының әрекетін түсіне алмай, далмыз" дейді.
"Мен үйімді сатып жіберіп, қызымның үйіне көшіп келдім. Қарыздарды беру үшін. Фабрикаға қарызбын, алған тауарлардың ақшасын бере алмай отырмын. Сондықтан үйімді сатып жіберіп, жарты қарызымды бердім. Мен, мысалға, бутиікті 85 мың долларға сатып алдым. Екінші бутикті 75 мың долларға сатып алдым",- деді Айман Қасымова.
Ал базар әкімшілігі "барлық олқылық — бұрынғы басшылықта" деді. Айтуынша, экс-қожайын кәсіпкерлердің қаражатын иемденіп, ғимаратты заңсыз тұрғызған. Тіпті саудагерлермен келісімшартқа да отырмапты. Соның салдарынан кәсіпкерлер меншік иесі емес, жалға алушы болып сауда жасап келген.
"Саудагерлердің сөзінде негіз жоқ. Өйткені бізге дейінгі кәсіпкер арасында саудагерлермен келіспеушіліктер болған. Тіпті іс сотқа дейін барған. Соттың өзі саудагерлердің сөзін растамады, талаптарын жоққа шығарды. Ал біз, өз кезегімізде, кәсіпкерлерді жалға алушы ретінде тіркеп, олардан жалға алу ақысы мен коммуналдық төлемді талап етеміз. Бүгінге дейін төлемегендерін осылайша жауып тастап жатырмыз".Қайсар Жамулдин, "Диви" ЖШС заң бөлімінің басшысы
Сонымен, базар басшылығы өз талаптарын өзгертпейтінін айтып отыр. "Саудагерлер көнбесе, орынды босатсын" деп, әңгімені қысқа қайырды. Алайда 10 жылдан бері осы жерден нәпақасын тауып келгендер жаңа қожайынның сөзімен еш келіспейтінін айтып тарқасты.