Корея Президенті Тоқаевтың шақыруын қабыл алып, жақын арада Қазақстанға келеді

Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Корея Республикасының Президенті Юн Сок Ёл Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

7 маусымда Ақордада хабарланғандай, сапар 2024 жылғы 11-13 маусымда болады.

Екі ел басшылары келіссөз жүргізеді және қазақ-корей бизнес-форумына қатысады деп жоспарланып отыр. Сапар аясында бірқатар екіжақты құжатқа қол қойылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кореяға 2021 жылы барды. 2023 жылы Қазақстан Президенті Нью-Йоркте Юн Сок Ёлмен келіссөздер жүргізді. Бұдан кейін Тоқаев Қазақстанда 700-ден астам кореялық компаниялар мен бірлескен кәсіпорындар жұмыс істейтінін атап өтті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Санжар Ерұланұлы дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионатында топ жарды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

ШҚО-да дронның көмегімен жоғалған 30 жылқы табылды

Дзюдошы Асқар Біржанов жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр