БҚО әкімі су тасқынынан зардап шеккен саяжай тұрғындарымен кездесті

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев су тасқынынан зардап шеккен Орал қаласындағы "Нұрлы жол" саяжай қауымдастығының тұрғындарымен кездесті.

БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі берген мәліметке сай, кездесу барысында табиғи апат салдарынан келген шығындарды өтеу механизмдеріне қатысты сауалдар көтерілді.

Тұрғындардың біразының саяжайдағы үйлерінің фундаменті ғана тұрғызылған, құрылысы толық аяқталмаған жағдайлар кездеседі. Сондай-ақ тұрғындардың саяжайдағы үйлері құжат жүзінде жақын туыстарына рәсімделген, аттарында тұрғын үйлері бар фактілер де орын алып отыр. Мұндай мәселелерді облыс әкімі арнайы шығындарды өтеу жөніндегі комиссия заң аясында жеке дара қарайтынын түсіндірді.

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Кездесу барысында өңір басшысы саяжайдағы үйлері жалғыз баспана болып табылатын тұрғындарға заң аясында үй берілетінін атап өтті.

"Тұрғындар өз тарапынан судың астында қалған мүліктерін бағалау жұмыстарын тездету бойынша өтініштерін білдірді. Нариман Төреғалиев бағалаушылар мен комиссия өкілдері барлық тұрғындарды қамтитынын айта келе, бағалаушылар саны ұлғайтылып жатқанын атап өтті." БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Сурет: БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Атап өтерлігі саяжай тұрғындарымен кездесулер және түсіндіру жұмыстары тұрақты негізде өткізіліп жатыр.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек