Қазақстанның қауіпсіздік күштері ірі қылмыстық топты жою мақсатында арнайы операция жүргізді

Сурет: ҚР ІІМ
Қызылордада ірі қылмыстық топ жойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, мамыр айында Қызылорда қаласында ІІМ және ҰҚК Бас прокуратураның үйлестіруімен аймақтағы криминогендік жағдайға теріс әсер еткен қылмыстық топтың жетекшісі мен мүшелерін ұстау бойынша арнайы операция жүргізді.

Ұстаудың алдында оларға қатысты ұзақ мерзімді жедел іздестіру шаралары жүргізілген.

"Күдіктілердің қылмыстық әрекеттерін дәлелдеу олардың криминалдық байланыстарының көп болуымен қиынға соқты. Барлық факті бойынша тексеру жүргізілуде. Топ мүшелері өз мақсаттарын іске асыру үшін адамдарды ұрлап әкетіп, мүлкін тартып алып, қылмыстық қақтығыстарға қатысқан", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Сондай-ақ олардың ойын-сауық мекемелеріне қылмыстық қамқорлық көрсетуге, құрылыс және ауыл шаруашылығы саласында бопсалауларға қатысы тексерілуде.

Топтың негізгі мүшелері қамауға алынды. Атыс және травматикалық қару, ірі мөлшерде қаражат тәркіленді. Тергеу Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша жүргізілуде.


2024 жылдың мамыр айының соңында Ұлттық қауіпсіздік комитеті Алматыда терроризмді насихаттады деген күдікпен шетелдіктерді ұстауға бағытталған арнайы операция туралы хабарлады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін