Балалар мен әйелдер құқығы заңмен қатаң қорғалады

Сурет: Zakon.kz
Облыс бойынша соңғы 5 айда қасақана жеңіл дене жарақатын салған 402 дерек тіркелген. Отбасылық жанжал кезінде ұрып-соғуға дейін барған 315 іс сотта қаралып, 107 адам жауапқа тартылды.

Осы күнге дейін мұндай құқық бұзушылықтар әкімшілік іспен қаралып келді.

Енді балалар мен әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың жазасы қатаң болады. Бүгінде 15 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, деп жазады qazaqstan.tv.

Қазір құқық қорғау органдарының өкілдері халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Осы өзгерістер биылғы 15 маусымнан бастап күшіне енеді. Сол себептен, қазіргі таңда Қызылорда облысы бойынша былтыр әкімшілік соттармен 1300-ден астам іс қаралып, 500 адам жауапкершілікке тартылды. Осы ретте өзгерістерге сәйкес аталған әкімшілік құқық бұзушылықтар қылмыстық құқық бұзушылық санатына өтетін болады." Ризабек Ожаров, Облыс Прокуроры
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды