"Барған жерін Токио қылсын!". Бағдат Мусин жаңа қызметіне қатысты пікір білдірді

Сурет: Instagram/bagdatmussin
2024 жылғы 10 маусымда Бағдат Мусин "Қазақтелеком" АҚ Басқарма төрағасы болып тағайындалды. Цифрлық даму жөніндегі экс-министр әлеуметтік желіде жаңа қызметіне қатысты өз жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бүгін "Қазақтелеком" АҚ басқармасының төрағасы болып тағайындалдым. Сенім артқандарыңызға алғыс айтамын. Компанияның одан әрі дамуы үшін командамен жемісті ынтымақтастықта жұмыс істеп, өркендеуі үшін күш-жігерімізді саламыз. "Қазақтелеком" АҚ - негізгі ұлттық байланыс операторы ретінде еліміздің технологиялық дамуын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. Қоғам мен мемлекет мүддесі үшін біз еліміздегі байланыс инфрақұрылымын жетілдіріп, халықаралық жобаларда ел дамуының әлеуетін жүзеге асыратын боламыз", делінген жазбада.

Ал Бағдат Мусиннің жаңа қызметке тағайындалуына байланысты пікір білдіруші желідегі қауым оған: "Барған жерін Токио қылсын", деп әзіл-шыны аралас жарыса бата беріп жатыр. Көзі қарақы қауымға бұл астарлы сөз айтпаса да түсінікті секілді...

2024 жылғы 30 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бағдат Мусинді Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметінен босатты. 6 мамырда оның орнына алдына Binance Kazakhstan компаниясының бас менеджері болып жұмыс істеген Жасұлан Мәдиев келді.

Қазақстан
Мусин Бағдат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты