Павлодарда сотталушы бейнебақылау камерасының көмегімен ажалдан аман қалды

Сурет: pixabay
Павлодарда сотталушы бейнебақылау камерасының көмегімен ажалдан аман қалды. Қазір оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің мәліметінше, колония қызметкерлері бейнебақылау камераларының көмегімен сотталған адамның өмірін сақтап қалды

Павлодар облысы бойынша ҚАЖД № 47 (қауіпсіздігі барынша төмен) мекемесінің жасағында сотталғандардың бірі өзін нашар сезініп, төсегінде қимылсыз жатқан. Бейнебақылау бекетінің операторы сотталған адамның қозғалмай жатқанын байқап, кезекші нарядты  жасаққа жіберген.

"Колония қызметкерлері бөлмеге кіргеннен кейін ер адамды ес-түссіз күйде көрген. Офицерлер оны бүйіріне жатқызып, терезені ашты. Қысымы жоғары болды. Сотталған адамның бетінің өзгергенін көріп, колония қызметкерлері оның инсульт екенін түсінген соң мекеменің медициналық қызметкері мен жедел жәрдем шақырды", - деді комитеттің баспасөз қызметі.

Жедел жәрдем келген соң ер адам жансақтау бөліміне жатқызылды. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды