Ақтөбе облысында 5,5 млрд теңгеге алынған бейнебақылау камералары істемей тұр

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында 5,5 миллард теңгеге алынған бейнебақылау камералары былтырдан бері іске қосылмай тұр. Өйткені, бұл құрылғыларды сатып алып, орнатуы тиіс компаниялар өзара соттасып, уақыт өткізіп алған.

Салдарынан көшелерге қойылып үлгерген құрылғылардың өзі жұмыс істемей тұр. Белгілісі былтыр облыс әкімдігі екі жарым мың дана бейнекамераға тапсырыс берген, деп жазады qazaqstan.tv.

Ақтөбе, Шалқар, Хромтау, Алға қалалары мен тағы бірнеше елді мекендегі көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысы қадағалануы тиіс болған. Яғни, бұл жоба өңірдегі қауіпсіздік мәселесіне де оң әсер етуі тиіс еді.

Алайда жұмыс тоқтап тұр. Облыстық цифрлық даму басқармасының мәліметінше, жуырда ғана Жоғарғы сот былтыр жасалған келісімшартты заңды деп таныған.

Енді тиісті құжаттар қолға тиісімен бақылау камералары іске қосылмақ. Бірақ, оған қосымша қаржы тағы бөліне ме, жоқ па, ол жағы хабарланбады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін