Шымкентте 13 жастағы баланы көлік қағып кетті

Сурет: видео скрині
Ол Қазыбек би көшесі бойында жолды рұқсат етілмеген тұсынан кесіп өтпек болған екен. Жүргізушінің сөзінше, мектеп оқушысы жолға бірден жүгіріп шыққан. Мидың жабық жарақатын алған жәбірленуші балалар ауруханасына жеткізілген, деп хабарлайды Zakon.kz otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
"13 жастағы бала жол апаты салдарынан қалалық клиникалық балалар ауруханасына жедел жәрдеммен жеткізілген. Балада арқа және жабық ми жарақаты. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, науқасты травматология бөлімшесіне жатқызды. Пациент дәрігерлердің бақылауында, жағдайы орташа". Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Нақыпқызы

Полицейлер қазір бұл іс тіркеліп, сараптама тағайындалғанын хабарлады. Егер ауыр жарақат алғаны белгілі болса, арнайы бап бойынша іс қаралатынын жеткізді.

"Аталған жайт бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, олардың нәтижесімен процессуалды шешім қабылданатынын хабарлаймыз", - дейді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды