Бұл туралы 13 маусымда қалалық көлік және жол көлігі инфрақұрылымын дамыту басқармасы хабарлады.
"13 маусым сағат 21:00-ден бастап 17 маусым сағат 06:00-ге дейін Сарайшық көшесі бойынша Б.Момышұлы даңғылынан Тұран даңғылына дейінгі учаскеде жол қозғалысын толықтай жабу арқылы жол төсемінің жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлап отырғанын хабарлайды", - делінген хабарламада.
Астана тұрғындары мен қонақтарынан қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.
"Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз", - делінген ведомствоның хабарламасында.