Еліміздің бес қаласында ауа сапасы нашарлайтыны болжанады

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
Жексенбі, 16 маусымда синоптиктер Қазақстанның бес қаласындағы атмосферада зиянды қоспалар мөлшері артатынын ескертті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мамандарының мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Ақтөбе, Алматы, сондай-ақ түнде Астана, Атырау, Петропавл қалаларында орын алады деп болжанады.

Қолайсыз метеожағдайлар (ҚМЖ) - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тынымық, әлсіз жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ пайда болған кезде елдімекендердегі атмосфералық ауа сапасының нашарлауы мүмкін.

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі - синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы).

Қолайсыз ауа райы жағдайында мыналарға кеңес беріледі:

Ақтөбе
Атырау
Петропавл
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды

2025-2026 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру грант иегерлерінің тізімі жарияланды