Жаңа редакцияда: бірлескен құпия жұмыстардың орындалуына байланысты Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерді беру ережелері жайлы жазылған.
Ережеде бірлескен құпия жұмыстар – тапсырыс беруші мен тапсырысты орындаушы мемлекеттік құпияларды пайдалана отырып жүргізетін жұмыстар екені нақтыланды.
Тапсырыс берушінің бірлескен құпия жұмыстарды орындауға байланысты Мемлекеттік құпияларды Орындаушыға беруі мынадай реттілікті көздейді:
- Тапсырыс берушінің қарамағында мемлекеттік құпиялары бар мемлекеттік органнан тапсырысты орындаушыға тиісті мәліметтерді беру мүмкіндігі туралы және осы жұмыстарды орындау үшін қажетті көлемде ғана жазбаша рұқсат алуы;
- Тапсырыс берушінің тапсырысты орындаушымен бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге шарт жасасуы;
- Тапсырыс берушінің бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге жасалған шарт және қажетті мемлекеттік құпияларды беру туралы тапсырысты Орындаушының қызметін жүзеге асыру орны бойынша Ұлттық қауіпсіздік органдарына жазбаша хабарлама жіберуі.
Тапсырысты орындаушыға мемлекеттік құпияларды беру мүмкіндігі туралы жазбаша рұқсат алу үшін Тапсырыс беруші мәліметтерді мемлекеттік құпияларға жатқызу жөніндегі өкілеттіктері бар мемлекеттік органның атына жазбаша сұрау салуды жібереді.
Сұрауда мыналар көрсетіледі:
- Орындаушының толық атауы, БСН, заңды мекенжайы, оның басшысының аты-жөні (бар болса) не ЖСН, жұмыс (оқу) орны, атқаратын лауазымы және тұратын жері, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжатты берген орган көрсетілген азаматтың аты-жөні көрсетілген;
- беруге жоспарланған мемлекеттік құпиялардың тізбесі, оларды жеткізушілердің атаулары, құпиялылық белгілері, есептік нөмірлер, даналардың нөмірлері, құпия құжаттардың немесе өзге де құпия материалдардың парақтарының саны;
- мемлекеттік құпияларды беру қажеттілігінің негіздемесі;
- мемлекеттік құпияларды беру жоспарланып отырған мерзімдер;
- мемлекеттік құпияларды пайдалана отырып жұмыстарды жүргізуге рұқсаттың болуы және ҚР лауазымды адамының немесе азаматының мемлекеттік құпияларға рұқсатының болуы туралы мәліметтер (нөмірі, күні, қолданылу мерзімі және кім берген).
Сұрау салуға тапсырыс беруші мен тапсырысты орындаушы арасында жасалатын бірлескен құпия жұмыстарды жүргізуге арналған шарттың жобасы қоса беріледі.
Мемлекеттік орган олар келіп түскен күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Тапсырыс берушінің сұрау салуын қарайды және тапсырысты орындаушыға мемлекеттік құпияларды беру мүмкіндігі туралы басшының не оның орнындағы адамның қолы қойылған жазбаша жауапты не себептерін көрсете отырып, дәлелді бас тартуды оның мекенжайына жібереді.
Осы тәрізді бірқатар талапты толығырақ мына жерден оқи аласыз.
Қаулы 2024 жылғы 25 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі.