Маңғыстау облысында тасжолда жүк көлігі өртеніп кетті

Сурет: видео скрині
Маңғыстау облысындағы Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай республикалық тасжолында "КамАЗ" көлігі толығымен жанып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz mangystaumedia.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға Бейнеу ауылынан 70 шақырым жерде болған. Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, өрт кезінде зардап шеккендер жоқ.

Өртті сөндіруге Nobilis Corp ЖШС мекемесінен бес өрт сөндіруші, төрт қызметкер қатысты. Бірлескен жұмыстың нәтижесінде өрт толығымен сөндірілді.

Қазір өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу жүріп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

5 қарашадағы Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстанда әскери билеттерді беру тәртібі өзгерді

Ақтөбеде неке сарайында бұрынғы күйеуі пышақтап кеткен әйелдің екі баласы жетімдер үйіне орналастырылды

Павлодар облысында оқушы қыздар зорланған

Мұғалімдерді бағалаудың жаңа өлшемі енгізіледі