Астанада мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің 70%-ы қашықтан жұмыс істеу форматына көшуі мүмкін

Сурет: Ақорда
Астанада 2024 жылдың 3-4 шілдесінде Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді. Бұл күндері қалада қауіпсіздік шаралары күшейтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық білім басқармасының хабарлауынша, азаматтарға ыңғайлы болу мақсатында, әсіресе жолдарда кептеліс болмас үшін 2-4 шілде аралығында мемлекеттік мекемелерге және квазимемлекеттік секторларға қызметкерлерінің 70%-ына дейін қашықтан жұмыс істеу форматына ауыстыру ұсынылады.

"Сол сияқты 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі мекемелер жұмыс істемейді. Бұл – ірі халықаралық іс-шараларды өткізу барысында күшейтілген қауіпсіздік шаралары қабылданатын және азаматтарға ыңғайлы болу үшін ішінара қашықтан жұмыс істеу тәртібі енгізілетін әлемдік тәжірибе", делінген хабарламада.

2024 жылғы 3-4 шілдеде Астанада Шанхай ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) саммиті өтеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Ұлытау облысында жыл басынан бері дрифт жасаған 14 көлік жүргізушісі жауапқа тартылды

1200-ден астам құқық бұзушылық: Астанада жаппай рейд жүріп жатыр

Оңтүстік Кореяның білім министрі ЖИИ-мен байланысты даудан кейін отставкаға кетті

Қазақстандық пара спортшы Малик Мұқашев таеквондодан әлем чемпионы атанды