"Таза Қазақстан" – ұлтты ортақ іске ұйыстыратын жоба

Су тасқынына қарсы іс-шараларға белсенді қатысқан ел азаматтарын марапаттау салтанатында Қасым-Жомарт Тоқаев "Таза Қазақстан" акциясы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін қорытындылай келе, апат салдарын жоюға атсалысқан әр азаматқа шынайы ризашылығын білдірді.

Баршаңызға мәлім, қазір "Таза Қазақстан" акциясы басталды. Бұл – өте маңызды әлеуметтік, тіпті саяси жоба. Оның түпкі мәні – ұлтты ортақ іске ұйыстырып, елімізді көркейте түсу, халқымыздың жаңа экологиялық сана-сезімін дамыту. Бұған, ең алдымен, өздеріңіз сияқты адал азаматтар ұйытқы болады. Ел мүддесі үшін жасалған еңбек пен ерлік ешқашан ұмытылмайды. Сондықтан бүгінгі марапатты халықтың сіздерге деген зор алғысы деп қабылдаған жөн, – деді Президент.

Бұдан кейін Мемлекет басшысы су тасқынына қарсы шараларға белсене атсалысқан бір топ құтқарушыны, волонтерлер мен қоғам белсенділерін, әскери қызметшілер мен дәрігерлерді, қарапайым жұмысшыларды, сондай-ақ кәсіпкерлер мен ірі бизнес өкілдерін марапаттады.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: