ҚР Ұлттық Банкінің ақпаратынша, 2024 жылғы мамырда азық-түлік бағасының өсімі жылдық мәнде 5,5%-ға дейін баяулады (сәуірде – 6,3% ж/ж). Бұл үрдіс жұмыртқа, сүт өнімдері, ет, көкөніс пен майдың жылдық дезинфляциясы нәтижесінде де байқалды.
"2024 жылғы мамырда азық-түлік компонентінің айлық дефляциясы байқалды, яғни 0,2%-ға төмендеді (2024 жылғы сәуірде 0,3%-ға өскен). Айта кету керек, 2024 жылғы мамырда 1997 жылдан бері алғаш рет азық-түлік компонентінде айлық дефляция тіркелді. Инфляцияның азық-түлік компонентіне қысымның төмендеуі қант, ет, сүт өнімдері бағасының өсу тұрғысынан баяулауы, сондай-ақ жұмыртқа, көкөніс, майлардың арзандауы әсер етті".
Жұмыртқа өндірушілердің бағасы айлық мәнде айтарлықтай төмендеп, 2024 жылғы мамырдағы жұмыртқаның тұтыну бағасы 9,8%-ға арзандады.
Сурет: ҚР Ұлттық Банкі
Жылыжайда қияр мен қызанақ өндірушілердің бір айдағы бағасының үздіксіз төмендеуі үш ай қатарынан жалғасып, бағалардың төмендеуіне әкелді.
"Нәтижесінде, 2024 жылғы мамырда қияр бағасы 29%-ға және қызанақ бағасы 15,4%-ға төмендеді. 2024 жылғы наурыздан мамырға дейінгі кезеңде тұтыну бағасының төмендеу құбылысындағы жиынтық мәні, тиісінше 44,8% және 19% болды".ҚР Ұлттық Банкі
Сондай-ақ, 2024 жылғы мамырда өндірушілер бағасының төмендеуі және сұраныстың азаюы аясында-ақ қырыққабаттың бағасы 19,1%-ға төмендеді. Жарма бағасының төмендеуі байқалады (-1,8%), атап айтқанда, қарақұмық жармасы қарақұмық өндірушілері бағасының төмендеуіне байланысты 3,3%-ға арзандады. Өндірушілер бағасының төмендеуіне байланысты майлардың бағасы одан әрі төмендеді (-0,7%).
"Алдыңғы екі айда өскен (2024 жылғы наурыз-сәуірде баға өсімі 6,8% болды) қант бағасы 0,1%-ға дейін баяулады. Бұл 2024 жылғы мамырда өндірушілер бағасының төмендеуіне байланысты болды. Ет бағасының айлық өсімі 0,1%-ға дейін баяулады. Бұған 2024 жылғы мамырда тірі мал мен құс бағасының және ет өндірушілер бағасының айлық мәнде төмендеуі ықпал етті".ҚР Ұлттық Банкі
Қанттың сыртқы және ішкі бағасының дифференциалы ішкі бағаның өсуі мен сыртқы бағаның төмендеуі аясында үшінші ай қатарынан өсуін жалғастырды. Биылғы мамыр айында әлемдік қант бағасының 7,5%-ға төмендеуі (ж/ж-ға 25,5% төмендеді) биылғы маусымда егін жинау үшін күн райы қолайлы болып, Бразилия тарапынан қанттың ұсынысы мол болуына байланысты қалыптасты.
Өткен айда төмендеген сыртқы және ішкі ет бағалары арасындағы дифференциал ішкі бағаның өсуі мен сыртқы бағаның төмендеуі аясында өсті. 2024 жылғы мамырда еттің әлемдік бағасы 0,2%-ға (а/а) (ж/ж-ға 1,3%-ға төмендеді) негізінен мұхит елдерінен мол ұсыныс болып, импорт сұранысының әлсіздігіне байланысты құс пен сиыр еті бағасының арзандауынан төмендеді.