Мемлекет басшысы АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстанның Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалығы аясында ұсынған бастамалары мен басымдықтарының жүзеге асырылу барысы жөнінде мәлімет берілді.

АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Президентке форумды институционалдық тұрғыдан нығайту үшін атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтты.

Мемлекет басшысы Кеңесті халықаралық ұйымға айналдыру жолында Қазақстан айтарлықтай белсенділік танытып отырғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК-тің тұрақты құрылымдары қызметінің тиімділігін арттыру және оның географиясы мен сыртқы байланыстарын кеңейту арқылы бірлестікті одан әрі дәйекті түрде дамыту қажет екеніне назар аударды.

Президент Кеңес Хатшылығының қызметіне айрықша мән беріп, еліміз оның барлық деңгейдегі жұмысына атсалыса беретінін мәлімдеді.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

Құрылтай регламенті: депутаттар қандай тәртіппен жұмыс істейді