Алматы полициясы шулы мопедтерді ұстады

Сурет: Zakon.kz
Алматы полицейлері көліктерге шу шығаратын дыбысты басатын құрылғыларды қолданбауды ескертеді.

Алматыда тікелей ағыны бар көліктер мен дыбыс өшіргіштерге орнатылған резонаторлардың жұмысын бақылау күшейтілді.

Бұл көлік құралдарының қозғалысы әдетте әрқашан гуілмен, шумен және азаматтардың тыныштығын бұзатын басқа да дыбыстармен бірге жүреді

. Тәжірибе көрсеткендей, мұндай бұзушылықтарды көбінесе мопед және мотоцикл жүргізушілері жасайды және олар түнде белсенді болады.

"Ең көп зардап шегетіндер үйлері қаланың ірі магистральдарына жақын орналасқан аудан тұрғындары. Осыған орай алдыңғы шептегі бөлімшелердің жеке құрамы көліктің осы түрін анықтап, ұстауға, заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауға жұмылдырылған", – деді әкімшілік полиция бсқармасының бастығы Асхат Құлбаев.

Сонымен қатар мұндай жағдайларда тыныштықты бұзғаны үшін санкциялар қолданылады. Бұл рейдтік іс-шаралар тұрақты негізде жалғасады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Агроөнеркәсіптен бастап ЖИ-ге дейін: Қазақстан мен Қытай 15 миллиард долларлық қандай келісімдерге келді

"Сынап бағаны 47 градусқа дейін көтеріледі". Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда мемлекеттік сервистер уақытша жұмыс істемейді

Испания – Аргентина матчының бас төрешісі белгілі болды

АҚШ Иранға жетінші түн қатарынан соққы жасап жатыр