Доллар бағамы тұрақты

Сурет: Zakon.kz
Қазақстан қор биржасында (KASE) 20 маусым күні сағат 15:30-да валюта нарығының құралдарының саудасы жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сауда нәтижесінде доллардың орташа сараланған бағамы 0,16 теңгеге төмендеп, 459,60 теңгені құрады.

Қытай юанінің орташа сараланған бағамы 63,0061 теңгені құрап, шамалы құлдырау да байқалады. Рубль нығаюын жалғастырып, 5,5301 (+0,0801) болды. Еуро бағамы 493,21 теңге.

Ал 20 маусымда әлемдік мұнай бағасы көтерілді.

13:30-да ICE Futures электрондық саудасында тамыз айындағы Brent фьючерстерінің бағасы барреліне 0,31%-ға өсіп, 85,33 долларды құрады.

NYMEX электронды саудасында WTI мұнайының тамыздағы фьючерстері 0,05%-ға өсіп, барреліне 80,75 долларды құрады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз