Астанада бойжеткен сейфтен зергерлік бұйымдарды ұрлап кеткен

Сурет: pixabay
Елордада бойжеткен сейфтен зергерлік бұйымдарды ұрлап, басқа қалаға кетіп қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Полицияға қала тұрғыны хабарласып, сейфтен алтын бұйымдардың жоғалғанын жеткізген.

Алматы ауданы полиция басқармасы криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрлыққа жәбірленушінің туысқанының қатысы бар екенін анықтады.

Тергеу барысында 21 жастағы қыздың туыстарының үйінде уақытша тұрып жатқаны және сейфтің кілттерінің қайда орналасқанын білетіні белгілі болды.

Қожайындарының жоқтығын пайдаланған күдікті шамамен 3 миллион теңгенің зергерлік бұйымдарын алып "ізін суытқан". Ол ұрланған заттарды ломбардқа тапсырып, басқа қалаға кетіп те үлгерген.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Айғақты заттар алынды. Оның елордада бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент. Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, қатты жел тұрады". Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда бір күнде 12 орман өрті тіркелді

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылғы 1 шілдеде күшіне енеді