Астанадағы өрт: Қала әкімі зардап шеккен көпқабатты тұрғын үй тұрғындарымен кездесті

Сурет: Facebook/Jenis Qasymbek
Бір күн бұрын Астанада "Хан Шатыр" сауда ойын-сауық орталығы маңында өртенген Rixos Khan Shatyr Residences тұрғын үй кешені тұрғындарымен қала әкімі Жеңіс Қасымбек кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы әкім әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, өрт салдарын жою бойынша жұмыс комиссиясы құрылады.

"Енді сарапшылар техникалық қорытынды бергеннен кейін қасбетті қалпына келтіруге және зардап шеккен пәтерлерді жөндеуге кірісеміз. Өрттің себебін қалалық ТЖД анықтайды", делінген әкім жазбасында.


Сурет: Facebook/Jenis Qasimbek


Сурет: Facebook/Jenis Qasimbek

Сондай-ақ Жеңіс Қасымбек өрттен кейінгі тұрғын үйде түсірілген суреттермен де бөліскен.

Сурет: Facebook/Jenis Qasimbek


Сурет: Facebook/Jenis Qasimbek

Айта кетсек, 22 маусымда сағат 15:09-да Астана қаласы ТЖД өрт сөндіру бөлімшелері шақырудың жоғары рангы бойынша Тұран көшесі, 37/9 үй мекенжайына аттанды. Өрт сөндірушілер тұрғын үй кешенінің 26 қабатындағы пәтердің сыртқы жабыны жанып жатқанын анықтады. Төтеншеліктер тұрғын үй кешенінен сегіз адамды, оның ішінде бір баланы эвакуациялады.

Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Франция мен Испаниядағы орман өрті: мыңдаған адам үйлерін тастап кетуге мәжбүр

ІІМ жалған ақпарат пен арандатушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын ескертті

ІІМ әлеуметтік желі қолданатын жасөспірімдерге маңызды ескерту жасады

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Қазақстанда нысандарды бұзуға жаңа жолмен рұқсат беріледі