+38 °C. Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

25 маусымда Қазақстанның 17 облысында дауылды ескерту жарияланады, деп хабарлайды Zakon.kz "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ұлытау облысының батысында оңтүстік-шығыстан күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Облыстың басым бөлігінде және Жезқазғанда төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары болатыны ескертіледі.

Күндіз Қарағанды облысының шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Күндіз облыстың батысынд оңтүстік-батыстан секундына 15-20 метр жылдамдықпен жел соғады. Облыстың орталығында өрт қаупі жоғары, облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында, солтүстігінде, оңтүстігінде түнде батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді. Облыс бойынша және Қызылордада төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Түнде және таңертең теңіз жағалауында тұман болады. Күндіз өңірдің солтүстік-батысында, солтүстігінде оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с. Күндіз облыстың оңтүстігінде аптап ыстық болады: +38 С. Облыстың солтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, облыстың солтүстік-шығысында, батысында – өрт қаупі жоғары. Ақтауда түнде және таңертең тұман түседі, өрт қаупі жоғары болады.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Облыстың батысында өрт қаупі жоғары. Көкшетауда күндіз найзағай болады. Таңертең және түстен кейін оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді.

Абай облысының орталығында, батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жауады деп күтіледі. Облыстың орталығында, батысында, солтүстігінде батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Семейде таңертең және түстен кейін найзағай болады. Таңертең және түстен кейін батыстан, солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, бұршақ түседі, дауыл болады деп болжанады. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күндіз солтүстік-батысқа оңтүстік-шығыстан ойыса соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Өскеменде күндіз найзағай болады. Күндіз оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің екпіні - 15-18 м/с.

Атырау облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында нөсер жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі деп болжанады. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда аракідік қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнап, күндіз бұршақ түседі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ойыса соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Күндіз Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде найзағай болады. Батыстан, оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні 15-20 м/с құрайды.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде аздап бұршақ аралас жаңбыр жауады деп күтіледі. Облыстың орталығында, батысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Күндіз солтүстіктен, солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, күндіз солтүстігінде найзағай ойнап, күн райы бұзылады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұршақ жауады деп күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде оңтүстіктан, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с дейін жетеді. Петропавлда күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз кей тұста 25 м/с дейін жетеді.

Жетісу облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Алакөл ауданында солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 25 м/с дейін жетеді. Күндіз облыста аптап ыстық болады деп күтіледі: +35...+37 С.

Павлодар облысының оңтүстігінде, шығысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с. Облыстың орталығында, шығысында өрт қаупі жоғары. Павлодарда найзағай ойнап, күн райы бұзылады деп болжанады.

Күндіз Түркістан облысының тауларында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Солтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 15-20 м/с.

Түнде Қостанай облысының солтүстігінде, батысында найзағай ойнап, күн райы бұзылады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында бұршақ жауады, қатты жел тұрады деп күтіледі. Оңтүстік-батыстан күндіз соққан желдің екпіні 15-20 м/с, кей тұста 23 м/с дейін жетеді. Қостанайда найзағай ойнайды. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні - 15-20 м/с.

Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнап, күн райы бұзылады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18-23 м/с. Күндіз облыстың басым бөлігінде аптап ыстық сақталады: +36 С. Алматыда аракдік найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18 м/с. Қонаевта күндіз найзағай болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің найзағай кезіндегі екпіні - 18-23 м/с. Күндіз аптап ыстық сақталады: +35 С.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: