Қырғызстанда қатты жауған бұршақ 50 гектардан астам егінге зақым келтірді

Сурет: pixabay
Қырғызстанның Талас облысында бұршақ жауып, жел күшейді.

Салдарынан 50 гектардан астам ауыл шаруашылық жер бүлінген. Асбұршақ пен жеміс беретін ағаштарға зақым келген. Екпіндетіп соққан жел 15-тен астам үйдің шатырын жұлып әкетті.

Павлодар облысында да табиғат тосын мінезін көрсетті. Аймақтағы Вознесенка, Сосновка, Заборовка ауылдарында бұршақ жауды, деп жазады qazaqstan.tv.

Куәгерлердің айтуынша, бұршақтың көлемі бөдене жұмыртқасының үлкендігіндей.

Дихандар "бидай тұқымдастарына аса қауіпті емес, бірақ күнбағыс сабақтарын жапырып жіберуі мүмкін", - деп алаңдаушылығын білдірді.
Қырғызстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз