Олжас Бектенов көптеген қазақстандықтардың шетелде жұмыс істейтінін немесе жұмыс тапқысы келетінін атап өтті. Оның айтуынша, бұл олардың еңбек қатынастарын заңдастырып, құқықтарын қорғауды талап етеді.
"Бізге олардың жалақысы төленбеген, медициналық қызмет көрсетілмеген, келісім-шарттар өрескел бұзылған фактілер белгілі.Сондықтан қазір тиісті үкіметаралық келісімдерді жасау жұмыстары жүргізілуде. Қазірдің өзінде азаматтарымызды шетелде жұмыспен қамтып отырған жеке агенттіктердің жұмысын жүйелеу қажет. Қазақстандықтар келісімшарт бойынша сенімді кепілдіктер алуы тиіс. Еңбек министрлігі бұл бағытта кешенді шаралар қабылдауы қажет", - деп тапсырды Премьер-Министр.
Шетелде жұмыс істегісі келетіндер үшін кәсіби және тілдерді оқыту орталықтарын ашуға болатынын айтты.
"Оларды Шығыс Қазақстан, Түркістан және Алматы облыстарында ашуды жоспарлап отыр, бұл облыстардың әкімдері бұл жұмысты жеделдету керек.Басқа аймақтар бұл тәжірибені пайдалана алады. Қабылданған барлық жүйелі шараларды жүзеге асыру сапалы жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтың табысын арттыруға мүмкіндік береді.Облыс әкімдеріне тұрақты жұмыс орындарын құруға баса назар аудара отырып, жұмыспен қамту жоспарларының орындалуын жеке бақылауға алуды тапсырамын", - деп түйіндеді сөзін Үкімет басшысы.
2024 жылдың 21 маусымында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардың Оңтүстік Кореяда заңды түрде жұмыс істеу мүмкіндігін қашан алатынын айтты.