Солтүстік Қазақстан облысында 400 адамды кене шақты

Сурет: pixabay
Солтүстік Қазақстан облысында соңғы 3 айда 400-ге жуық адамды кене шақты. Олардың 30 пайызы 14 жасқа дейінгі бала.

Кене шағу қаупі жоғары аймақтарда ересектерге энцефалитке қарсы екпе салу жұмысы жалғасып жатыр. Мұндай санатқа малшы, орманшы сынды тағы басқа мамандық иелері кіреді.

100-ден астам адам ерікті түрде вакцина салдырған, деп жазады qazaqstan.tv.

Мамандардың айтуынша кене шағып, асқынған жағдайлар тіркелген жоқ.

"Солтүстік Қазақстанда эндемиялық аудан ол- Айыртау ауданы болып табылады. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша Айыртау ауданы бойынша сәуір және қыркүйек айында дезинсекциялық шаралар жүргізіледі. 2024 жылдың 5 айында кене энцефалиті және лайм боррелиоз тіркелген жоқ." Гүлида Жәкеева, СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас маманы
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы