"Алматы жазы" науқаны аясында қоқыс алаңдары зарарсыздандырылады

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі
"Алматы жазы" науқаны аясында қоқыс алаңдарын тазалау, жуу және зарарсыздандыру жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматыда күн сайын қала қаласынан 1300 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылады. Қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару Алматы, Алатау ауданы, Алғабас шағын ауданы 7-көше, 134/12 учаскеде орналасқан "Green Reсycle" ЖШС қоқыс шығару кешенінде жүзеге асырылады.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы қаласының экологиялық менеджмент және қоршаған ортаны басқару департаментінің бас маманы Әлинұр Бәкенов атап өткендей, қалада бекітілген кестеге сәйкес жуумен және зарарсыздандырумен 171 бірлік арнайы техника айналысады.

"Алматы қаласында қоқыс шығаратын ұйымдар жеке сектордағы қатты тұрмыстық қалдықтарды ҚТҚ шығарудың бекітілген кестесіне сәйкес, аптасына бір рет шығарады. Көпқабатты үйлердегі қоқыс контейнерлері күн сайын, ал проблемалық аумақтарда күніне екі, кей жерде үш рет шығарылады", –  деді Әлинұр Бәкенов.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Зарарсыздандыру және жуумен қоса, жұмысшылар сынған контейнерлерді жөндеп, қоқыс алаңдарын ретке келтіреді.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

"Алматы жазы" науқаны басталғалы қоқыс шығару ұйымдары 300 контейнер мен 60 контейнерлік орынды жуу, зарарсыздандыру және декатизациялау жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, 150 контейнер жөнделіп, боялды.

Қазір қала аумағында ҚТҚ жинау мен шығару жұмыстары толықтай жолға қойылған. Қалдық шығару қызметін 21 қоқыс шығару ұйымы ұсынады.

"Алматы жазы" іс-шарасы аясында 1 454 контейнерлік алаң санитарлық өңдеуден өтеді, 700 контейнер жуылып, зарарсыздандырылады, сондай-ақ 24 747 көше мен ауладағы қоқыс жәшіктерін тазалау көзделген.

Сурет: Алматы қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі

Естеріңізге сала кетейік, "Алматы жазы" акциясы "Таза Қазақстан" жалпы республикалық науқанын іске асыру аясында басталды және осы жылдың 6 шілдесіне дейін созылатын "Алматы – біздің ортақ үйіміз" науқанының жалғасы болып табылады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды