Киевте қазақстандық журналист Айдос Садықов қайтыс болды

Садықовтың бүгін, 2024 жылдың 2 шілдесінде қайтыс болғаны туралы оның әйелі Наталья айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның пайымдауынша, журналист түнде қайтыс болған.

"Айдос Садықов бүгін Киев уақытымен 03:00-де (Қазақстан уақыты бойынша 05:00-де. – Редакцияның ескертпесі) бұл өмірмен қош айтысты... Айдос 13 күн жансақтау бөлімінде өмір үшін күресті, бірақ ғажайып болған жоқ", — деп жазды Наталья Садықова Facebook парақшасында.

2024 жылдың 8 маусымында Киевте журналист Айдос Садықовтың өміріне қастандық жасалғаны белгілі болды. Қазақстан азаматының аман қалғаны, бірақ жағдайы ауыр екені хабарланды.

Киев прокуратурасы журналистті өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеу бастады. Ведомство "алдын ала мәлімет бойынша, тапанша ұстаған белгісіз біреу жәбірленуші мен оның әйелі отырған көлікке жүгіріп келіп, ер адамға оқ атып, кейін қашып кеткенін" хабарлады. Қастандық олар тұратын үйден алыс емес жерде болған.

19 маусымда Қасым-Жомарт Тоқаев Киевте журналист Айдос Садықовқа жасалған қастандыққа қатысты мәлімдеме жасады. Ол қоғамымыздағы барлық қайшылықтар мен келіспеушіліктер тек құқықтық шеңберде, қолданыстағы заңнама негізінде, негізгі халықаралық стандарттарға сәйкес шешілуі тиіс екенін атап өтті.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2014 жылдың наурыз айында ақтөбелік журналистер Айдос пен Наталья Садықовалар Қазақстаннан Украинаға кетіп, YouTube және Telegram арналарын ашқан. 2023 жылдың қазан айында олардың іздеуге жарияланғаны белгілі болды. Іздестіру ісі Астанада тіркеліп, бастамашы ҚР Ішкі істер министрлігі болды. Оның себебін департамент: "Уәкілетті орган YouTube арнасында шындыққа сәйкес келмейтін, ұлттық араздықты насихаттайтын бейнематериалдарды анықтады" деп түсіндірді.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: