Астанада 3-4 шілде күндері балабақшалар жұмыс істемейді

Астанада 16 елдің мемлекет басшылары мен үкімет мүшелері бас қосады. Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы және көптеген ірі халықаралық ұйым жетекшілері де келеді.

Осыған орай, бас қалада қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Астанаға кіретін жолдарға блок бекеттер орнатылып, полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Дегенмен, қалаға кіріп-шығуға ешқандай кедергі жоқ.

Бірақ елорданың бірқатар көшесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады. 15 маршруттың қозғалысы өзгерді. Қоғамдық көліктер әдеттегідей таңғы 06:00-ден 23:30-ға дейін жүреді.

Ал электр самокаттармен 5-шілдеге дейін жүруге рұқсат жоқ. Астана әуежайы тәулік бойы күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Тұрақты рейстердің ұшуына кедергі жоқ.

Теміржол бекеттері штаттық режимде жұмыс істейді.

Сондай-ақ, 3-4 шілдеде Астанадағы балабақшалар жұмыс істемейді. Бүгіннен бастап 4 шілдеге дейін мемлекеттік және квазимемлекеттік секторлардағы қызметкерлердің 70%-ы қашықтан жұмыс істеуге көшті. Бұдан бөлек, еліміздің 4 қаласында террористік қауіптің "сары" деңгейі енгізілді.

Астана мен Алматы қалаларында, Ақмола мен Қарағанды облыстарында саммитке қатысушылар жүретін жолдарға шектеу қойылды, деп жазады qazaqstan.tv.

Стратегиялық нысандар мен қоғамдық орындарда күзет күшейді. Негізі мұндай ауқымды жиын кезінде қауіпсіздік шараларды күшейту, тек Қазақстанда ғана емес, әлемде бар тәжірибе.

Қазақстан
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: