Қатар Әмірі де Астанаға жетті

Сурет: Үкіметтің баспасөз қызметі
Қатар Әмірі ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді елордадағы әуежайда Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов қарсы алды.

Қатар мемлекеті ШЫҰ диалогы бойынша әріптес мәртебесіне ие. Тиісті меморандумға 2022 жылы Ташкентте қол қойылды.

"Былтыр Қазақстан мен Қатар дипломатиялық қатынастарының орнағанына 30 жыл толды. Қатар – Қазақстанның Араб әлеміндегі маңызды саяси әрі экономикалық серіктесі.  2023 жылдың қорытындысы бойынша елдер арасындағы тауар айналымы шамамен 50%-ға өсті. Жоғары деңгейде қойылған міндетке сәйкес екі мемлекеттің үкіметтері өзара сауда көлемін $500 млн-ға дейін ұлғайту бағытында жұмыс істеп жатыр", - деп хабарлады Үкіметтің баспасөз қызметі.

Еске салайық, мұның алдында Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Астанаға келгенін хабарлаған едік.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Астанада AMANAT партиясының съезі өтіп жатыр – делегаттар "Әділет" партиясына қосылуды қолдады