Атыраулық археологтар көне кесенені тапты

Сурет: pixabay
Ғалымдар топырақ астынан шыққан нысанды бұған дейін еш зерттеулерде кездеспеген тың жәдігер деп отыр. Көне кесене алдағы уақытта толық зерттеуді қажет етеді. Себебі оның астында тарихи тұлғалар жерленуі әбден мүмкін дейді тарихшылар.

Күйдірліген кірпіштен берік, әрі сәнді қаланған кесененің тек күмбезі қираған. Қабірге кіріп-шығатын жабық дәліз сол қалпында сақталыпты, деп жазады qazaqstan.tv.

Есігі оңтүстік шығысқа қараған дәлізінің ұзындығы 170, биіктігі 60 сантиметр. Бұл дәліздің жартылай қазылған бөлігі, дейді археолог.

"Жәдігердің толық сақталуына қарап, Сарайшық қаласындағы бұл типтегі кесенелер дромосының қандай үлгіде болғандығын көре аламыз. Алдын-ала болжам бойынша мұндай кесенелер 16-17 ғасырда тұрғызылған. Осындай үлгідегі кесенелерде белгілі, қоғамдағы статусы жоғары адамдар жерленгені анық." Амангелді Заинов – Археолог

Археологтар қазба жұмысын үшке бөліп жүргізген. Көлемді қабірдің ұзындығы 6, биіктігі 1 метр, қалыңдығы 55 сантиметрді құрайды. Дәліздің оңтүстік бөлігінен шаруашылық бөлмесі анықталды. Ондағы қазба кезінде қыш құмыралар мен түрлі бұйымдар және орта ғасырлық сәндік жапсырмалар, мыс тиындар табылған. Бұл жұмыстарға жергілікті жоғары оқу орнының студенттері де атсалысты.

"Біз практикалық жұмыс кезінде 3 сектор қаздық. Онда шаруашылық бөлмесі, кесене табылды. Мұншама жақсы заттар табамыз деп ойлаған жоқпыз. Әсіресе, мынандай ерекше кесене табамыз деп ойлаған жоқпыз. Жәй ғана осындай ыдыстарды тауып, қайтамыз деп ойладық." Сабина Қоқанбаева – Студент

Археологиялық нысан алдағы уақытта терең зерттеледі. Өйткені бұл жәдігер бұрын еш жерде кездеспеген. Музей-қорық өкілдері жұмыстарды кезең-кезеңімен жалғастырамыз деп отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды