Елордада дәмхананың кассасынан ақша ұрлаған күдікті ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
Байқоңыр ауданы ПБ криминалдық полиция қызметкерлері кассадан ақша ұрлады деген күдікке ілінген 34 жастағы азаматты құрықтады.

Тергеу барысында күдіктінің түнгі сағат 02:30 шамасында Алаш тас жолы бойында кетіп бара жатып, пластикалық терезені бұзу арқылы кафеге кіргені белгілі болды.

Күдікті кассадан 38 мың теңге сомасында ақша қаражатын және сусындарды ұрлап, оқиға орнынан ізін суытқан.

Кафеге түскен ұрының іс-әрекеті қауіпсіздік камерасының жазбасына түсіп қалған. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ер адам мойындау көрсетпелерін берді. Оның елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін