Қызылорда облысында бюджет қаражатын жымқырған есепші жазаланды

Сурет: Zakon.kz
Қызылорда облысы Арал ауданының прокуратурасымен "Бөген" ауылдық клубы коммуналдық қазыналық кәсіпорнына тексеру жүргізілді.

Тексеру қорытындысымен клуб есепшісі 2,7 млн астам өзіне сеніп тапсырылған бөтен мүлікті қызмет бабын пайдалана отырып иемденіп алу арқылы жымқырғаны анықталды.

Аталған дерек аудандық прокуратурамен СДТБТ-не ҚК-тің 189-бабы 2-бөлігінің 3) тармағымен тіркеліп, Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданды.

Арал аудандық сотының 27.05.2024ж. үкімімен кінәлі тұлғаға 3 жыл бас бостандығынан шектеу түрінде жазасы тағайындалды.

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Қазақстанның Азаматтық кодексіне қандай өзгерістер енгізу ұсынылды

Президент жанындағы Әйелдер істері жөніндегі ұлттық комиссияның құрамына өзгеріс енгізілді

Алматы-1 вокзалы жақын күндері ашылады