Колумбияның Сан-Андрес аралы маңынан қазақстандықтар құтқарылды

Сурет: pixabay
Колумбияның Сан-Андрес аралы маңынан 15 мигрант құтқарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың ішінде төрт қазақстандық бар. Екеуі - бала. Және де жағалауға бір колумбиялық, бір эквадорлық, бір ирандық, үш венесуэлалық жеткізілген.

"Рейтер" агенттігінің хабарлауынша, мигранттардың қайығы аударылғанда бір адам қаза тауып, төртеуі жоғалып кетті.

Жергілікті жағалау күзетінің мәлімдеуінше, шетелдіктер Никарагуаның Жүгері аралына бара жатқанда апатқа ұшыраған, деп жазады qazaqstan.tv.

Болжамдарға қарағанда, Орталық Америка арқылы АҚШ-қа жетуді мақсат еткен мигранттар бұл жолды Панама мен Колумбия арасындағы қауіпті джунглиден өтпеу үшін таңдаса керек.

"Түрлі ұлт өкілдері Орталық Америкаға жетуге әрекеттенген тәрізді. Сол үшін олар Жүгері аралы мен Никарагуа арасындағы бағытты таңдап отыр." Гуллермо Лозано Кастриллон, Жағалау қызметінің командирі
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда педагогтардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу ережелері жаңартылды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Қытай сапары: БҚО әкімі Нариман Төреғалиев Ляонин провинциясы партия комитетінің хатшысымен кездесті

Айына 8,7 млн теңге: қазақстандықтар қандай жалақыға жұмыс істеуге дайын

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды