Ақтөбе облысында 134 мопед жүргізушісі жол апатына түскен

Сурет: Zakon.kz
Ақтөбе облысында жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 134 жол апаты тіркелген. Салдарынан бір адам қаза тауып, 16 адам жарақат алған. Оның үшеуі бала.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, 16 жасқа толмағандар арасында көлік тізгіндейтіндер көп. Қазір мұндай жүргізушілер ұсталып, қос дөңгелекті көліктері айып тұрағына қойылып жатыр.

Жыл басынан бері айып тұрағына қос дөңгелекті 324 көлік әкелінген. Бұлардың көбінің иесі жол ережесін өрескел бұзған. Араларында 16 жасқа толмағандары да бар.Сондықтан жол сақшылары рейдтік шаралар өткізіп жатыр, деп жазады qazaqstan.tv.

Бұл шара барысында 15 көлік иесі жауапкершілікке тартылды. Олар жол жүру ережесін сақтамаған, рұқсатсыз адам тасымалдаған. Сондай-ақ, арнайы бейімделмеген көлікпен жеткізу қызметін атқарған, деп жазады 

"Ата-аналарға біздің ұсыныстарымызды тыңдауға, балалардың жетелеуіне ермеуге және мопед сатып алмауға шақырамын." Әсет Қалиев, қалалық Полиция басқармасының бастығы

Қазірдің өзінде айып тұрағында 60-қа жуық мопед тұр. Иелері оларды айыппұлдарын төлеген соң алып кете алады. Дегенмен, мұндағы екі дөңгелекті көліктердің саны көбеймесе, азаятын емес.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды