Қарағанды полицейлері заңсыз айналымнан 2,3 келі синтетикалық есірткі тәркіледі

Сурет: ҚР ІІМ
Қарағанды облыстық полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала көшелерінің бірінен аса ірі көлемде есірткі сатуы мүмкін деген күдікпен 24 жастағы азаматшаны ұстады.

Оған жүргізілген тінту жұмыстары барысында ұнтақ тәрізді төрт пакет тәркіленді.

"Тәркіленген заттарға жүргізілген сараптама қорытындысына сәйкес алынған заттың жалпы салмағы 2,3 келі синтетикалық есірткі екені белгілі болды", – деді Қарағанды облыстық оплиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктіге қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Айта кету керек, тәркіленген синтетикалық есірткі 4 мың адамның қолына жетуі мүмкін еді. Өйткені бұл салмақ – 4600 бір реттік дозаға тең.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз