Қаратаулықтар қоныс тойын тойлады

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Таласта баспананы көптен күткен тұрғындарды қуантқан іс-шаралар жалғасын табуда. Ағымдағы жылы Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы көшесінде орналасқан 80 пәтерлі көпқабатты үй ел игілігіне берілген болатын. Міне аталған игі іс-шара бүгінде өз жалғасын табуда.

Ағымдағы жылды 10 шілдесі күні Қаратау қаласындағы Б.Момышұлы көшесі №10 және 3 мөлтек аудандағы №16 көпқабатты тұрғын үйлердегі 192 пәтер қайта жөндеуден өткізіліп, кезекте тұрған тұлғаларға пәтер кілті табыс етілді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Мен де Қаратау қаласының тұрғынымын. Өз басымда жеке баспанам болмай, үй кезегінlе тұрғаныма да біраз жыл болып еді. Міне, сол күткен қуанышыма бүгін жетіп, қолыма пәтердің кілті тиді. Қуанышымда шек жоқ. Енді өз баспанам бар. Бақыт деген осы шығар".

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Халықтың әлеуметтік жағдайына ойлап, олар үшін барлық жағдайды жасап жатқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметімізге, сондай-ақ тұрғын үй баспанасымен қамтуда мемлекеттік бағдарламаларды сәтті жүзеге асырып отырған аудан басшылығы мен құрылыс саласындағы басшыларға аналық алғысымды білдіремін, - дейді зейнеткер, жаңа қоныс иесі Кулбязи Шакритдинова.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Салтанатты кілт тапсыру рәсімінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Медет Уристенов, аудандық мәслихат төрағасы Қадірбек Садубаев және аудандық билер кеңесінің төрағасы Сәулембай Әбсадықұлы қоныс той иелерін қуанышымен құттықтай отырып, ізгі тілектерін білдірді.

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кетейік, тұрғын үй кезегіндегі халықты баспанамен қамту жұмыстары алдағы уақытта өз жалғасын табатын болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Димаш Құдайбергенді Чилиде жанкүйерлері ерекше ықыласпен қарсы алды

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады