"Аптап ыстық, бұршақ, тұман". 13 шілдеге арналған ауа райы болжамы

Сурет: pixabay
Синоптиктер еліміз бойынша алдағы сенбі, 2024 жылы 13 шілдеге арналған жалпы ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, жауын-шашынсыз ауа райы еліміздің шығысында ғана сақталады.

"Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттальды бөліктердің өтуіне байланысты күн райы бұзылып, найзағай ойнайды, жаңбыр жауады, бұршақ түседі, қатты жел соғады деп болжанады. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысының орталығы мен тауларында нөсер жаңбыр жауады. Республика бойынша ортақ табиғи құбылыс - желдің екпін алуы. Еліміздің солтүстігінде, шығысында түнде және таңертең тұман түседі", делінген болжамда.

Синоптиктер атап өткендей, күндіз Алматы мен Жетісу облыстарында аптап ыстық болады, ал Қарағанды мен Абай облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық болады деп күтіледі.

Сондай-ақ, болжам бойынша Маңғыстау облысының солтүстік-батысында, Атырау өңірінің оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақтөбе өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Ал Түркістан, Маңғыстау облыстары, Жамбыл өңірінің батысында, Ұлытау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында, Қостанай өңірінің оңтүстігінде, Қызылорда облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстандық музыкант Сеул сахнасын бағындырды

Оралды қалың қара түтін басып, аспаннан күл "жауды" - видео

"Өрт қаупі жоғары". Еліміздің барлық дерлік өңірінде дауылды ескерту жарияланды

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ресейде жаңа заң қабылданды: еңбек мигранттарының балалары 18 жасқа толған соң елден кетуі тиіс