Павлодарда үш адамға витрина құлады

Сурет: primeminister.kz
Павлодарда үш адамға витрина құлады. Оқиға салдарынан үшеуі де зардап шеккен, деп хабарлайды Zakon.kz pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, оқыс жағдай 13 шілде күні түстен кейін көшедегі сауда нүктелерінің бірінде болған. 1972, 1995 және 1997 жылы туған ер адамдар әртүрлі жарақаттармен № 1 Павлодар қалалық ауруханаға жеткізілді.

Сонымен қатар Байдала ауылында 63 жастағы ер адам тереңдігі шамамен екі метр шұңқырға құлаған. Куәгерлер оны өз көлігімен дәрігерлерге жеткізуге шешім қабылдап, жедел жәрдем шақырған. Басынан ауыр жарақат алған ер адам ауруханаға жатқызылды.

Павлодар ауданында жылқыдан құлаған 45 жастағы ер адам Жаңақала ауылынан жаралармен және сынықтармен № 1 Павлодар қалалық ауруханасына жатқызылды. 

Павлодар

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Абай облысында сотталғанға телефон жеткізбек болған азамат анықталды

Қырғызстандық продюсер: қазақстандықтар Канье Уэстті "тартып алды" - енді Шакираның концерті де күмәнді

Елена Рыбакина US Open-2026 чемпионы атанды!

12 қыркүйектегі валюта бағамы қандай

Бибісара Асаубаева Үндістандағы Global Chess League турнирінде алғаш рет жеңіске жетті