Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды

Әнел Тәшбай жасөспірімдер Олимпиадасында жетінші орын алды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2026 19:43 Сурет: olympic.kz
Қазақстандық велошабандоз Әнел Тәшбай Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында тасжолдағы велоспорттан топтық жарысқа қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз 1 сағат 31 минут 19 секунд нәтижемен мәре сызығын жетінші болып кесті.

Ресей спортшысы Ангелина Новолодская жеңімпазы атанды. Аустралиялық Элси Аппс екінші орын алса, чехиялық Линда Ситкова қола жүлдеге ие болды.

Айта кетейік, алғашқы 20 спортшы мәре сызығын бірдей уақытта кесті. Сондықтан қорытынды орындар спортшылардың мәреге келу ретіне қарай анықталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: