Қазақстан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетуді бастады

Қазақстан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасында өнер көрсетуді бастады, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2026 17:36 Сурет: olympic.kz
Қазақстан құрамасы жағажай волейболынан Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш жасөспірімдер Олимпиадасында алғашқы кездесуін өткізді. Олар жарыстың алғашқы ойынында Вафи Әл-Джасир мен Али Әл-Авамимен (Сауд Арабиясы) кездесті.

Қазақстандық спортшылар С тобындағы кездесуде 2:0 (21:13, 21:7) есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш 2025 жылы Бахрейнде өткен жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының чемпионы.

2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанаты бүгін, 31 қазанда өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: