Алматыда Қаппаров көшесіндегі аумақтың бірінде бір түнге қозғалыс шектеледі

Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Қаппаров көшесіндегі аумаққа орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

18 шілдеде сағат 23.00-ден 19 шілдеде сағат 06.00-ге дейін Үшкемпіров көшесінен "Сұңқар" шаңғы трамплиндері кешеніне дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Жамақаев пен Үшкемпіров көшелері арқылы айналып өтуге болады.

Жөнделетін учаскеде ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс ақпараты жазылған стендтер қойылады. Маршрутты алдын ала жоспарлауды сұраймыз.

Естеріңізге сала кетейік, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сондай-ақ 2GIS пен "Яндекс карталар" сервистерінде жазылған.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз