1 тамыздан бастап Астана автобустарында жол жүру ақысы қымбаттайды

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру құны 90 теңгеден 110 теңгеге көтеріледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің 2024 жылғы 22 шілдедегі хабарламасында белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артады. Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылдың қыркүйегінде белгіленді. Бұған дейін қаулы жобасы ашық НҚА порталында жария талқылауға шығарылған болатын.

Айта кету керек, Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылдың наурыз айынан бастап тегін ұйымдастырылып келеді. Міндетті шарт – мектептің көлік картасының болуы және оны автобуста валидация өткізу.

Сондай-ақ келесі санаттарға жататын азаматтар жеңілдікке ие:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;

2) жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;

3) көп балалы аналар;

4) көпбалалы отбасылар;

5) мүгедектер;

6) он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).

7) "Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.

Қазақстан
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

21 маусымда қай өңірлерде ауа райына байланысты ескерту жасалды

2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты матчтарының Қазақстан уақыты бойынша кестесі жарияланды

"Әділет" партиясы президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси кағидаттарын жүзеге асыруды қолдайды

Қарағанды облысында жолаушылар тасымалы саласындағы заң бұзушылықтар анықталды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады