Алматыда үлескерлерді 290 миллион теңгеге алдап кеткен

Сурет: Zakon.kz
Наурызбай ауданының прокуратурасы үлескерлердің қаражатын тарту жөнінде заңсыз қызметке байланысты алаяқтықтың жолын кесті.

2022 жылы "Flora City Stroy" ЖШС директоры "К" азаматы "instagram", "krisha.kz" әлеуметтік желілерінде құрылыс салуға рұқсат қағазынсыз "Lantana" және "Flora" ТК құрылысының басталуы туралы жарнама берген.

"Одан кейін "К" азаматы, сатып алушыларды алдау және олардың сенімін теріс пайдалану жолымен алдын-ала сатып алу-сату шарттарын жасап, 290 млн теңге мөлшеріндегі 34 үлескердің ақшасын иеленген." Алматы қаласының прокуратурасы

Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін Бостандық ауданының полиция басқармасына жолданды.

Бостандық аудандық сотының 21.06.2024 жылғы үкімімен "К" азаматы ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Алынған учаскелер жәбірленушілердің залалын өтеу үшін сатылатын болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Алматы қаласының прокуратурасы азаматтарды жылжымайтын мүлікті сатып алу кезінде қырағы болуға және рұқсат беру, сондай-ақ құқық белгілейтін құжаттардың болуын тексеруге шақырады.

Қазақстан
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мобильді интернеттің дамуы: 5G желісін пайдалану қарқыны артты

Биыл 595 мың теңге, 2027 жылы 770 мың теңге – жүктілік пен босануға байланысты төлем қалай есептеледі

Игорь Лепеха ішкі істер министрінің орынбасары лауазымынан босатылды

Жалақы, қосымша төлемдер және даулы мәселелер бойынша мұғалімдер 1472 нөмірінен кеңес ала алады

Қазақстандық әйелдер 2026 және 2027 жылдары декретке шыққанда қанша төлем алады