ІІМ: Қарағанды облысының өнеркәсіптік кәсіпорындарында ұрлықпен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Сурет: ҚР ІІМ
ІІМ Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, Қарағанды облысы прокуратурасының үйлестіруімен өнеркәсіптік компаниялардан, оның ішінде "Қазақмыстан" металл және тауар ұрлаумен айналысқан қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жергілікті криминалитеттен басқа қылмыстық әрекетке кәсіпорын қызметкерлері, оның ішінде қауіпсіздік қызметінің басшылары мен қызметкерлерінің қатысы бар деп күдіктелуде.

Қылмыстық іс-әрекет салдарынан келтірілген залал анықталып жатыр.

"Қарағанды облысының полиция департаментіне 20-дан астам күдікті жеткізілді. Тінту іс-шаралары барысында олардан атыс және травматикалық қару, автокөлік, қаражат және қылмыстық іс бойынша басқа да заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мүддесі үшін өзге мәліметтер жария етілмейді", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

ІІМ қала құраушы кәсіпорындарда әрекет ететін қылмыстық топтарды анықтау және жолын кесу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

+42 градус ыстық пен нөсер жаңбыр: синоптиктер дүйсенбідегі ауа райы болжамын ұсынды

2 тамыздағы Астана мен Алматы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатын бір медальмен аяқтады

Қазақстан дзюдодан жастар арасындағы Азия кубогында тоғыз медаль жеңіп алды

Қазақстандағы ең танымал және ең сирек есімдер топтамасы