Телефон алаяқтары Астанадағы жалдамалы пәтерді пайдаланған

Сурет: pexels
Телефон алаяқтары өздерінің заңсыз әрекеттерін Астанадағы жалдамалы пәтерлерде жүзеге асырып келген. Мұны Полиция департаменті хабарлады.

Жедел-іздестіру іс-шараларында виртуалды абоненттік нөмірлерді тіркеуге арналған GSM-box аппаратурасын желіге қосқан Қызылорда облысының тұрғындары анықталды.

Бұл жабдық арқылы алаяқтар өздерін банктер мен мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, қоңырау шалған. Олардың күнделікті табысы кем дегенде 45 мың теңге, деп жазады qazaqstan.tv.

Полиция қызметкерлері 230 SIM-картаға, 4 ұялы телефонға, банк карталарына және флэш-карталарға арналған слоттары бар GSM-box аппаратурасын тәркіледі.

Қылмыстық іс қозғалды, ұсталғандардың әрекетінен зардап шеккендер анықталды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Ақмолада 5 және 6-сыныптарды біріктіріп оқыта бастаған: ата-аналар наразылық танытып жатыр

Қазақстандық әйел сөмкесіне патрон салып, басқа қалаға ұшпақ болған

Әзірбайжанда ковидке байланысты карантин режимінің мерзімі 2027 жылға дейін ұзартылды

Қазақстанда CVK қаржы пирамидасының жетекшісі сотталды: 474 мың доллардың криптоактиві бұғатталды