Синоптиктер тамыз айының алғашқы күндері Астана, Алматы және Шымкентте ауарайы қандай болатынын айтты

Сурет: freepik
Zakon.kz тілшісі Астана, Алматы және Шымкент қалаларының алдағы үш күндегі – 2024 жылдың 31 шілдесі мен 2 тамызы аралығындағы ауа райы туралы "Қазгидромет" РМК мамандарынан білді.

Астанада:

31 шілде – көшпелі бұлтты, күндіз – аздаған жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-батыстан оңтүстік-шығыстан соғатын жел түнде 2-7, күндіз 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +15+17°С, күндіз +30+32°С;

1 тамыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°C, күндіз қатты ыстық +33+35°C;

2 тамыз – көшпелі бұлтты, кей жерлерде – жаңбыр, найзағай. Оңтүстік-шығыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +18+20°С, күндіз +30+32°С.

Алматыда:

31 шілде – көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 3-8, найзағайдың екпіні 18 м/с. Ауа температурасы түнде +20+22°С, күндіз +31+33°С;

1 тамыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°C, күндіз қатты ыстық +34+36°C;

2 тамыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз қатты ыстық +35+37°С.

Шымкентте:

31 шілде – аздап бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын жел 8-13, күндіз екпіні 15-20 м/с. Ауа температурасы түнде +21+23°С, күндіз +37+39°С;

1 тамыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +24+26°C, күндіз қатты ыстық +39+41°C;

2 тамыз – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан 8-13 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде +23+25°С, күндіз қатты ыстық +38+40°С.

Қазақстан
Шымкент
Алматы
Астана

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы